Skip to main content

Биылғы жылы айналымы 3 млрд теңге болатын 60 есірткі дүкені анықталды

Submitted by Вера Александрова on

Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) мессенджерлердегі шамамен 300 арнаны және тыйым салынған құралдарды сату жүзеге асырылған 4 ірі Darknet маркетплейсін анықтады. 

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚМА ел аумағында есірткі және психотроптық заттарды жарнамалап, сатқан Telegram арналарының 80 пайдаланушысын анықтады.  

«Интернет-кеңістіктің қазақстандық сегментіне жүргізілген мониторинг нәтижесінде қатысушылардың жалпы саны 35 мыңға жуық адамды құрайтын есірткі сату бойынша 3 ірі алаң анықталды», - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, ведомство есірткі құралдарының шамамен 10 мың әлеуетті тұтынушысын анықтады. Талдау көрсеткендей, тұтынушылардың 50%-дан астамы Астана, Алматы және Алматы облысына тиесілі. 

Өткен жылы ҚМА айналымы 25,6 млрд теңге болатын 36 есірткі дүкенін анықтады. Биыл құқық қорғау органдары Telegram мессенджеріндегі 60 есірткі алаңына тиесілі 59 карта-шотын анықтады.

Аталған дүкендердегі ақша қаражатының жалпы айналымы 3 млрд теңгені құрады. Оның ішінде айналымы 82 млн теңге болатын біреуі бойынша материалдар ІІМ-ге жіберілді.