Skip to main content

Онлайн-казино ұйымдастыруға күдікті ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланды

Submitted by fbrk_news on

(18 ақпан 2026 | Дереккөз: ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі)

МАҚ Манғыстау облысы бойынша департаменті Рантик Бахтияр Оглыға қатысты тергеу жүргізуде, ол заңсыз онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікке ілінген. Тергеу нұсқасы бойынша, платформаның жұмысы үшін «bingo37_pro» сервисі пайдаланылған, ал қаржылық ағындарды жасыру үшін Грузия мен Тәжікстаннан дропперлер тартылған.

ЖАНЖАЛ ҚАЛАЙ ДАМЫДЫ

Күдікті мыңнан астам құмар ойындарға, оның ішінде «Crazy Monkey», «Keno» және «Euro Game» ойындарына қол жеткізуге болатын платформа ұйымдастырған. Ойыншылар Telegram және WhatsApp арқылы тартылған, онда жарнамалық материалдар мен бонустық бағдарламаларға қатысу ұсыныстары таратылып, жеңіл ұтыс алу әсері қалыптастырылған. Ақша салғаннан кейін пайдаланушылар платформаға кіру үшін логиндер мен парольдер алған.

Төлемдерді қабылдау және қаржылық операцияларды жасыру үшін Бахтияр Оглы Грузия мен Тәжікстан азаматтарын тартқан. Олар банктік шоттар мен абоненттік нөмірлерді тіркеген, бірақ іс жүзінде оларды басқармай, ұйымдастырушыға қолжетімділікті берген. Тергеу нұсқасы бойынша, осы шоттар арқылы 3,1 млрд теңгеден астам ақша өткен.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ІЗДЕУ ЖӘНЕ ҰСТАУ

2025 жылғы тамызда Бахтияр Оглы халықаралық іздеу жарияланған, сот сырттай қамауға алуды санкциялаған. 2026 жылғы қаңтарда ол Грузияда ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланған.

МҮЛІКТІ ТӘРКІЛЕУ

Тергеу аясында мүлікті жасыру мақсатында үшінші тұлғаларға ресімделген екі автокөлікті: PORSCHE CAYENNE және LEXUS GX 460 сотқа дейінгі тәркілеу басталды. Сот көлік құралдарын мемлекет кірісіне тәркілеу туралы шешім шығарды.