Сотталған адвокат Қайсар Жұмағалиевтің ісінде мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулиннің және экс-президент Назарбаевтың жиені – олигарх Қайрат Сатыбалдының есімдері аталады.
Бұл туралы іс материалдарына сілтеме жасап, Telegram-арна «Nege.kz» хабарлады.
«Адвокат Қайсар Жұмағалиев алаяқтық үшін сотталды. Іс материалдары бойынша, 2016 жылы ол Балқаштық кәсіпкер Қуат Сұлтанбековті түрмеден босату үшін $300 мыңға келіскен. Кәсіпкердің туыстары адвокатқа "заңсыз қудалаудың артында Нығматулиндер ағайындылары тұр" деп ескерткен. Сонда Жұмағалиев оларды Қайрат Сатыбалдымен достығының арқасында мәселені шешетініне сендірген», - делінген хабарламада.
Адвокат ең алдымен Жұмағалиевті ШҚО-дағы колониядан Алматы облысына ауыстыруға, содан кейін қылмыстық істі тоқтатуға уәде бергені атап өтіледі.
«Ақша екі траншпен берілуі керек еді – іске кірісу үшін $150 мың, ал қалғанын Сұлтанбеков босатылғаннан кейін алуы тиіс болған. Бірінші жартысы адвокатқа 2016 жылдың қазан айында берілді. Бірақ Жоғарғы сот кәсіпкерді тек 2023 жылы ақтады, яғни ақшаны адвокатқа бергеннен кейін 7 жыл өткен соң. Нәтижесінде Жұмағалиевтің өзі сотталып, 9 жыл бойы адвокаттық қызметпен айналысу құқығынан айырыла отырып, 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды», - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, былтырғы қыркүйек айында Астана қаласы Байқоңыр ауданының №2 соты Қайрат Сатыбалдыға 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған болатын. Бұған дейін біз бірінші президенттің жиені мұнай-газ саласына қатысты бірнеше қылмыстық эпизодтарда айыпталып жатқанын жан-жақты жазған едік.
Кейін Сатыбалды шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш берген, алайда ШҚО соты қараудан кейін қабылдамады.
Фонд-бюро расследования коррупции