Солтүстік Каспий жобасының операторы, North Caspian Operating Company N.V. (NCOC) компаниясы Каспий теңізіндегі Қашаған кен орны ауданында мұнай төгілді деген мәліметтерді жоққа шығарады.
Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, NCOC мамандары тексерген учаскеде көмірсутектердің ағу белгілері анықталмаған.
«SENTINEL-1A 2024 жылғы 30 наурызда және TerraSAR-X 2024 жылғы 2 сәуірде түсірген суреттерге сәйкес, Солтүстік Каспий аумағында, оның ішінде Қашаған кен орнының D аралынан солтүстікке қарай шағын учаскеде табиғи құбылыс байқалды. Кейінгі күндері түсірілген басқа суреттерде мұндай құбылыстар болмаған. Басылымда көрсетілген D аралының маңындағы учаске тексерілді, ешқандай төгілу немесе ағу анықталмады», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, NCOC компаниясының теңіз нысандары әдеттегі режимде жұмысын жалғастырып жатқаны белгілі болды.
Еске салайық, бұған дейін «Глобус» экологиялық-құқықтық бастамалар орталығының атқарушы директоры Галина Чернова хабарлағандай, Каспий теңізіндегі Қашаған кен орны ауданында мұнай төгілген. Оның сөзінше, төгілу алаңы шамамен 7 шаршы шақырымды құрап, дақ Каспий теңізінің солтүстігіне қарай ығысқан.
Фонд-бюро расследования коррупции