Уәкілетті мемлекеттік орган төрт инвесторға астанада жер учаскелерін беруден негізсіз бас тартты.
Астана прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, шенеуніктер бас тартуды ақпараттық жүйелердегі техникалық ақаулармен, салдарынан жер пайдаланушылардың учаскелері туралы деректердің бұрмалануы болжамды түрде орын алғандығымен негіздеген.
«Нәтижесінде, инвесторлар ұзақ уақыт бойы инвестициялық жобаларды одан әрі іске асыру үшін жер учаскелерін ала алмады», - делінген хабарламада.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша инвесторлардың мәселесі шешілді, кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
«Қабылданған шаралар «халал» стандарттары бойынша жартылай фабрикаттар өндіру цехын салу, мұнай өнімдері қоймасын салу және пайдалану, өндірістік-қойма кешенін пайдалану және газоблок өндіру жобаларын іске асыруды жалғастыруға ықпал етті», - делінген хабарламада.
Аталған жобалар бойынша инвестиция көлемі 4,1 млрд теңгені құрайтыны, ал оларды іске асыру 240-тан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретіні атап өтілді.
Еске салайық, қазан айында Баянауыл ұлттық саябағында жерлерді өз бетінше басып алу, заңсыз құрылыс салу және конкурссыз учаскелер беру фактілері анықталды.
Қараша айында Жамбыл облысы Мерке ауданында әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық алқа жерге деген құқығын қорғап, бизнестен айырыла жаздаған құлпынай өндірушінің ісін қарады.
Бірқатар сот талқылауларынан кейін облыстық соттың әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық алқасы әкімдіктің учаске беру туралы қаулысының күшін жоюға негіздер жоқ деп шешті.
Фонд-бюро расследования коррупции