Үкімет Қазақстанның екі гидроэлектростанциясын (ГЭС) иеліктен шығаруға рұқсат берді, олардың ықтимал жекешелендірілуі бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланыстырылған еді.
БАҚ деректері бойынша, ГЭС-ке меншік құқығы мемлекеттік холдинг «Самұрық-Энерго» АҚ-на өтеді.
«Ұлттық әл-ауқат қоры» «Самұрық-Қазына» АҚ-на «Өскемен ГЭС» ЖШС-дегі 100% қатысу үлесін және «Шүлбі ГЭС» ЖШС-дегі 100% қатысу үлесін «Самұрық-Энерго» АҚ пайдасына иеліктен шығару мәмілесін жасауға рұқсат етілсін», - делінген күшіне енген үкімет қаулысында.
Еске сала кетейік, 2021 жылғы желтоқсанда БАӘ инвесторларымен Шүлбі және Өскемен ГЭС-терін жекешелендіру туралы келіссөздер жүргізілгені хабарланған болатын.
Кейін үкімет Мәжілістен араб инвесторларының жекешелендіруін көздейтін құжатты кері қайтарып алды.
2022 жылғы наурызда энергетика министрлігі Өскемен және Шүлбі ГЭС-терінің жекешелендірілмейтінін және сатылмайтынын хабарлады.
Фонд-бюро расследования коррупции