ШҚО-да ірі есірткі зертханасы жойылып, екі шетел азаматы ұсталды. Тәркіленген есірткінің құны 3,5 млрд теңгеден асты.
«ШҚО прокуратурасының үйлестіруімен облыстық ҰҚК департаменті еуропалық елдердің бірінің азаматтары ұйымдастырған синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхананың қызметін тоқтатты», - деп хабарлады ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметі.
Заңсыз айналымнан 125 кг «мефедрон», 500 литр прекурсорлар, сондай-ақ тәулігіне 30 кг-ға дейін синтетикалық есірткі өндіруге мүмкіндік беретін жаңа буын зертханалық жабдық тәркіленді.
Сот санкциясымен 2 шетел азаматы қамауға алынды.
Фонд-бюро расследования коррупции