Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева жасанды интеллектіні (ЖИ) мемлекеттік лауазымдарға тағайындау мүмкіндігін жоққа шығарды.
«Sputnik Қазақстан» Telegram-арнасының мәліметінше, ол қолданыстағы заңнама мұндай сценарийге жол бермейтінін мәлімдеді.
«Жоқ, мүмкін емес. Мен қазір құқықтық тұрғыдан айтамын: жасанды интеллекттің құқық субъектілігі жоқ. Әлемдегі ешбір юрисдикция оны бүгінгі күні өз субъектісі еткен жоқ. Тиісінше, оның жауапты функцияларды орындауы және қоғамдық қатынастарға қатысуы үшін бұл тұлғаның құқық субъектілігі болуы керек. ЖИ-де ондай жоқ. Соңғы шешім әрқашан адамның қолында болады — себебі құқық субъектілігі онда», — деп атап өтті Смышляева.
Сонымен қатар, әлемде ЖИ-ді әкімшілік рөлдерге ресми тағайындау бойынша эксперименттер жүріп жатыр. Мәселен, Албанияда қыркүйек айында Diella есімді жүйе жасанды интеллект министрі ретінде таныстырылды — ол электронды мемлекеттік сатып алуларды бақылайды.
Ал Абу-Дабиде GITEX 2025 көрмесінде көрсетілген TAMM AutoGov — жүргізуші куәліктерін ұзарту және шоттарды төлеуді қоса алғанда, күнделікті әкімшілік функцияларды орындауға қабілетті алғашқы цифрлық мемлекеттік қызметші.
Сарапшылардың айтуынша, екі жоба да көрсетілімдік сипатта: жасанды интеллект адамның толық бақылауымен әрекет етеді және шешімдерді өз бетінше қабылдамайды.
Еске сала кетейік, бұған дейін «Самұрық-Қазына» қоры Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа аймақтағы дауыс беру құқығы бар алғашқы цифрлық тәуелсіз директорлар кеңесінің мүшесі болған SKAI (Samruk-Kazyna Artificial Intelligence) нейрожелісін таныстырды. Тұсаукесер Астанада өткен Digital Bridge халықаралық форумы аясында өтті.
Фонд-бюро расследования коррупции