«Kaspi.kz» АҚ басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе ағылшын футбол клубы (ФК) «Уиком Уондерерс»-тің иесі атанды.
ФК сайтының мәліметінше, Ломтадзеге клуб акцияларының 90% тиесілі. Одан бөлек, «Уиком Уондерерс» директорлар кеңесіне Эдуард Вышняков пен Дэн Райс та кірді.
«Біз жоғары деңгейде тұрақты өнер көрсететін клубтың ұзақ мерзімді даму стратегиясының ажырамас бөлігіне айналатын жоғары тиімді Академия құруға ұмтыламыз», - деді Михаил Ломтадзе.
Айта кетейік, Михаил Ломтадзе Forbes нұсқасы бойынша әлемдегі ең бай адамдардың жаһандық рейтингінде 581-орында тұр. Оның дәулеті $5,2 млрд деп бағалануда.
Фонд-бюро расследования коррупции