2023 жылы Қазақстанда 1692 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді. Келтірілген залалдың өтелу сомасы 285,1 млрд теңгені құрады.
Telegram-арна «Политпросвет.kz» өткен жылы сыбайлас жемқорлық үшін сотталған ведомство қызметкерлерінің тізімін жасады:
- Экономикалық тергеу қызметі - 7 қызметкер;
- Экология және табиғи ресурстар министрлігі – 12 қызметкер;
- Денсаулық сақтау министрлігі - 13 қызметкер;
- Ауыл шаруашылығы министрлігі – 17 қызметкер;
- Ұлттық қауіпсіздік комитеті – 20 қызметкер;
- Қорғаныс министрлігі – 27 қызметкер;
- Төтенше жағдайлар министрлігі - 30 қызметкер;
- Қаржы министрлігі - 38 қызметкер;
- Жергілікті атқарушы органдар – 175 қызметкер әкімдіктер мен олардың құрылымдық бөлімшелері, оның ішінде 7 әкім;
- Ішкі істер органдары - 191 қызметкер.
Фонд-бюро расследования коррупции