Қазақстанда 2021–2023 жылдары сыбайлас жемқорлық пен бюджет қаражатын жымқыруға байланысты 6,3 мыңнан астам қылмыстық іс тіркелді. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) жариялаған қылмыстық кірістерді заңдастыру тәуекелдерін ұлттық бағалауда айтылған.
«Политпросвет.kz» Telegram-арнасының хабарлауынша, ресми статистикаға сәйкес, үш жыл ішінде құқық қорғау органдары 4973 сыбайлас жемқорлық қылмысын тіркеген, оның ішінде:
- 2021 жылы — 1557 іс;
- 2022 жылы — 1724 іс;
- 2023 жылы — 1692 іс.
Істердің 50%-дан астамы мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялар мен әкімдіктердің басшыларын қоса алғанда, жоғары лауазымды тұлғаларға қатысты екені атап өтілген.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ең жоғары деңгейі мемлекеттік басқару, мемлекеттік сатып алу, құрылыс, отын-энергетикалық сектор, денсаулық сақтау, білім беру және ауыл шаруашылығы сияқты салаларда тіркелді.
Сыбайлас жемқорлық кірістерін заңдастырудың негізгі схемалары:
- Жалған компанияларды пайдалану. Қаражаттың заңсыз шығу тегін жасыру үшін жалған заңды тұлғалар құрылады.
- Активтерге инвестициялау. Сыбайлас жемқорлықтан түскен кірістер жылжымайтын мүлікке, көлікке, бизнес-жобаларға инвестиция ретінде жасырылады.
Сол кезеңде құқық қорғау органдары ҚК 189-бабы («Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету») бойынша 582 қылмыстық істі тіркеді:
- 2021 жылы — 189 іс;
- 2022 жылы — 171 іс;
- 2023 жылы — 222 іс.
ҚК 190-бабы («Лауазымды тұлғалардың қатысуымен жасалған алаяқтық») бойынша 770 қылмыс тіркелді:
- 2021 жылы — 198 іс;
- 2022 жылы — 257 іс;
- 2023 жылы — 315 іс.
Бюджет қаражатын жымқырудың жиі кездесетін схемаларының қатарында:
- мемлекеттік қаражатты мақсатсыз пайдалану;
- мемлекеттік сатып алу кезіндегі манипуляциялар - тауарлар мен қызметтердің бағасын көтеру немесе жалған келісімшарттар жасасу;
- есептілікті бұрмалау.
Фонд-бюро расследования коррупции