Алматы облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызметкерлері жергілікті мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысын ауыр қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен ұстады.
Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, ол 750 млн теңгеден астам сомаға жер қатынастары саласындағы алаяқтыққа күдікті. Белгілі болғандай, шенеунік жер учаскелерінің өтімділігін арттырып, сатудан қылмыстық кіріс алу үшін кадастрлық құнының айырмасын төлемей, олардың мақсатты тағайындалуын өзгерткен.
Қарасай ауданы жергілікті атқарушы органдарының лауазымды тұлғалары көмекшілер болғаны атап өтіледі. Нәтижесінде мемлекет 1 млрд теңгеден астам сомаға материалдық залал шеккен.
Оған қоса, департамент басшысына қатысты жылжымалы және жылжымайтын мүлік сатып алу арқылы ұрланған ақшаны заңдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Күдікті ұсталып, Іле ауданы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Тергеу жалғасуда.
Еске салайық, мамыр айында Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы Дастан Хамзин қазынашылық департаментінің ғимаратын жөндеу бойынша орындалған жұмыстар актісіне қол қойғаны үшін 1 млн теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.
Фонд-бюро расследования коррупции