Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының (ҚХР) Төрағасы Си Цзиньпин бірқатар нысандардың салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Ақорда баспасөз қызметінің мәліметінше, президенттер Пекиндегі Қазақстан және Астанадағы Қытай мәдени орталықтарын салтанатты түрде ашты.
«Бұл орталықтардың ашылуы екі ел арасындағы гуманитарлық ынтымақтастықтың дамуындағы жаңа кезеңді белгілейді. Орталықтар екі достық ел халықтары арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға бағытталған әртүрлі мәдени іс-шаралар, көрмелер, дәрістер мен шеберлік сабақтарын өткізу алаңдарына айналады», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ республика басшылары Халықаралық Астана университеті базасында Пекин тіл және мәдениет университетінің филиалын ашты.
«Қазақстандық және қытайлық жоғары оқу орындарының ынтымақтастығы студенттерге оқу және кәсіби өсу үшін бірегей мүмкіндіктер береді, тілдік дағдыларды, мәдениетаралық коммуникацияны және ғылыми зерттеулерді дамытуға ықпал етеді. Аталған жобалардың сәтті жүзеге асырылуы мәдени және білім беру алмасуларды белсендіру, сондай-ақ екі ел арасындағы саяси және экономикалық қатынастарды дамыту жолындағы маңызды қадам болады деп күтілуде», - деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Фонд-бюро расследования коррупции