Маңғыстау облысының прокуратурасы мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде «МАЭК» ЖШС (Маңғыстау атом-энергетикалық комбинаты) қызметінде 1,4 млрд теңге сомасына бұзушылықтарды анықтады.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, кәсіпорын технологиялық бұзушылық актісінің негізінде «RTEX» ЖШС-мен тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден мемлекеттік сатып алу шартын негізсіз жасасқан.
«Аталған акт, авариялар, І және ІІ дәрежелі істен шығулар кезінде оны жасауды көздейтін бекітілген Қағидалардың (ҚР ЭМ министрінің 20.02.2015 жылғы № 121 бұйрығымен бекітілген Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарды тергеп-тексеру және есепке алу қағидалары) бұзыла отырып ресімделгені анықталды», - делінген хабарламада.
Кәсіпорында бір көзден шарт жасасуға негіз бола алатын авариялық жағдайлар болмағаны хабарланады.
Нәтижесінде сот технологиялық бұзушылық актісін және мемлекеттік сатып алу туралы шартты жарамсыз деп таныды. Осылайша, ведомство 1,4 млрд теңге көлеміндегі бюджет қаражатының мақсатсыз жұмсалуына жол бермеді.
Нәтижесінде кінәлі адамдар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бірнеше басшы лауазымынан босатылды.
Еске сала кетейік, 2023 жылғы шілдеде МАЭК жылу электр станциясында авария болды. Себебі қазандықтың қоректенуінің күрт артуы болды. Осыған байланысты Атыраудың бір бөлігі электрсіз қалды, сондай-ақ Атырау мұнай өңдеу зауытында (АМӨЗ) зауыттың технологиялық қондырғылары авариялық түрде тоқтатылды.
Кейіннен президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз бақылауына АМӨЗ және МАЭК авариясынан кейін туындаған жағдайды алды.
Фонд-бюро расследования коррупции