Қызылорда облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы Қызылорда кәсіпорнынан мұнай өнімдерін ұрлауға күдіктілерді ұстады.
Polisia.kz деректеріне сәйкес, қылмыстық схемаға өнеркәсіп нысанының жұмысшылары мен күзетшілері тартылған.
Полицейлер 20-дан астам тінту жүргізіп, ұрланған мұнай өнімдерінің 25 тоннадан астамын тәркіледі.
«Күдіктілердің әрекеттерінен кәсіпорынға келтірілген алдын ала залал 200 млн теңгеден асты. Полицияға 12 фигурант жеткізілді, оның 9-ы уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген хабарламада.
Облыстық полиция департаментінің тергеу басқармасы тиісті құжаттарсыз мұнай өнімдерін ұрлау және тасымалдау фактілері бойынша тергеу жүргізуде.
Еске салайық, 2024 жылғы желтоқсанда қазақ-өзбек шекарасында құқық қорғаушылар қылмыстық топтың әрекетіне жол бермеді және мұнай өнімдерін контрабандалық жолмен өткізуге арналған тоннельді жойды.
Ұзындығы 450 метр болатын тоннель арқылы күн сайын көлемі 5-7 тонна контрабандалық жанар-жағармай шығарылған. Заңсыз әрекет шамамен екі айға созылған.
Фонд-бюро расследования коррупции