Skip to main content

Мұнай компаниясының қызметкерлері Ақтөбе облысында 12 вагон газды ұрлады деген күдікке ілінді

Submitted by Вера Александрова on

Ақтөбе облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы (ҰҚКБ) қызметкерлері кен орны аумағынан «әлеуметтік» газды ұрлау схемасын ұйымдастырған бір топ адамды ұстады.

Polisia.kz мәліметінше, күдіктілер газ өндіру саласындағы компаниялардың бірінің қызметкерлері болып табылады.

«Олар отын сақтауға арналған ыдыстардың өлшеуіш құрылғыларына техникалық манипуляциялар жасау арқылы есепке алынбаған газды қалыптастырып, кейін оны теміржол көлігімен өткізген», - делінген хабарламада.

Полицейлер ұрланған газбен 12 вагонды кен орнынан өткізу нүктесіне бара жатқан кезде ұстады. Уәкілетті органдар тиісті сараптамаларды тағайындады, оның нәтижелері бойынша келтірілген шығын сомасы анықталатын болады. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қызылорда облысы полиция департаментінің ҰҚКБ қызметкерлері Қызылорда кәсіпорнынан мұнай өнімдерін ұрлауға күдіктілерді ұстаған болатын.

Қылмыстық схемаға өнеркәсіптік нысанның жұмысшылары мен күзетшілері тартылған. Полицейлер 20-дан астам тінту жүргізіп, ұрланған мұнай өнімдерінің 25 тоннадан астамын тәркіледі.