Skip to main content

Кызылорда облысында мектеп тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде мемлекеттік сатып алу бұзушылықтары анықталды

Submitted by Вера Александрова on

Қызылорда облысында сот Шиелі ауданы орта мектебі оқушыларының тамақтануын ұйымдастыру бойынша мемлекеттік сатып алу ісін қарады.

Өңір соттарының баспасөз қызметінің мәліметінше, байқауға сегіз жеткізуші қатысып, жеңімпаз ретінде ЖШС-нің бірі танылды. Сонымен қатар, комиссия басқа жеке кәсіпкердің (ЖК) өтінімін кадрлардың жетіспеушілігіне сілтеп, қабылдамады. Алайда ЖК байқау құжаттамасының талаптарына сәйкес аспаздар мен жұмысшылардың бар екендігі туралы құжаттарды ұсынған.

Сот процесі барысында байқаудан аз уақыт бұрын сот ЖШС-ні сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танығаны анықталды. Байқауды өткізген облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы қолданыстағы сот шешімі туралы нақты білген, себебі ол істе өзі талапкер болған.

Сот ЖК өтінімін қабылдамауды негізсіз, ал байқау қорытындыларын заңсыз деп таныды. ЖШС-мен жасалған шарт жарамсыз деп танылды. Сонымен қатар, сот анықталған бұзушылықтар бойынша шара қолдану үшін облыс әкімінің атына жекеше ұйғарым жіберді.

Еске салайық, маусым айында денсаулық сақтау министрлігінің тексеруінен кейін Маңғыстау облысындағы 66 мектеп асханасының 65-інде санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың көптеген бұзушылықтары анықталды.

Уәкілетті органдар 18 миллион теңгеден астам сомаға 57 айыппұл салып, 60 нұсқама беріп, жұмыстан 62 қызметкерді шеттетіп, сотқа бір материал жолдады.