Skip to main content

Қырғызстан министрлеріне тойларға баруға тыйым салынды

Submitted by Вера Александрова on

Қырғызстан президенті әкімшілігі алқасының отырысында министрлер кабинетінің басшысы Акылбек Жапаров үкімет мүшелеріне мерекелік іс-шараларға баруға тыйым салды.

24.kg хабарлағандай, үкімет басшысы министрлерге президент Садыр Жапаровтың Жарлығын еске салды, онда мал союға және той өткізу кезіндегі негізсіз шығындарға тыйым салу туралы айтылған.

«Бір жерде ысырапшылдықты көрсеңіздер, ол жерге бармаңыздар. Тойларға жүрмеңіздер», — деді Акылбек Жапаров.

2022 жылғы ақпанда Қырғызстанда іс-шаралар кезіндегі шектеулер туралы заң күшіне енгені атап өтіледі. 

«Мақсат — азаматтардың әлеуметтік және экономикалық өмір деңгейін көтеру, сондай-ақ қоғамдағы рухани ахуалға кері әсер ететін діни рәсімдер, салт-дәстүрлер және өзге де іс-шаралар барысындағы ысырапшылдықтың алдын алу», — делінген хабарламада.