Skip to main content

Ақбөкендерді ату: экология министрлігі жануарларды жаппай жоюға арналған жаңа «негіздеме» дайындап жатыр ма?

Submitted by Вера Александрова on

15 наурызда экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев БҚО-да Жәңгір хан атындағы аграрлық-техникалық университетінің профессорлық-оқытушылық құрамымен және Бөкейорда, Жаңғала, Жәнібек, Ақжайық және Қазталов аудандарының фермерлерімен кеңес өткізді. 

Экология министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде фермерлер ақбөкендер санын реттеу шараларын қабылдауды талап еткен.

«Ақбөкендердің ауыл шаруашылығына келтірген залалы, шөптердің бүлінуі, топырақ эрозиясы, қорал әдістерін қолдану және түнгі уақытта ату мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталдық. Пікірталас барысында фермерлер келтірілген шығындарды есептеу әдістемесін қарастыруды, ұстаудан бастап сауда нүктелерінде өткізуге дейінгі барлық процесті қайта жандандыруды ұсынды», - делінген хабарламада.

Министрдің айтуынша, өткен жылы «алып қоюдың» аз мөлшері қолайсыз жағдайларға, ет комбинаттарының қуаттылығының төмендігіне, сондай-ақ 25 жылдан астам уақыт бойы жүргізілмеген дала бөкенін аулаудың болмауына байланысты болған. 

Кеңес соңында фермерлер ШҰ (шектік ұстаным) ескере отырып, ақбөкендерге әуесқойлық аң аулауды енгізуді қарастыруды ұсынды. 

Еске салайық, бұған дейін экология және табиғи ресурстар министрлігі ақбөкендер санын «реттеуді» уақытша тоқтату туралы шешім қабылдаған болатын. Алайда кейінірек ведомство басшысы Ерлан Нысанбаев биылғы күзде дала бөкеніне әуесқойлық аң аулау енгізу жоспарланып отырғанын хабарлады

Айта кетейік, осыдан аз уақыт бұрын министр ақбөкендерге кез келген аң аулау заңсыз болатынын, ал оларды алып қою іс-шаралары тек 2025 жылы қайта басталатынын мәлімдеген еді.