Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шетел валютасы мен алтынды әкетуге тыйым салудан ерекшелік енгізді.
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы №830 «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Жарлығына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: 1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығаратын 5, 10, 20, 50 және 100 граммдық аффинирленген алтын құймалары, сондай-ақ 100 грамнан асатын аффинирленген алтын.»; 1-1-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын: «4-1) осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілмеген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ұлттық валютасының қолма-қол ақшасын екінші деңгейдегі банктердің әкетуі», — делінген президент жарлығында.
БАҚ мәліметіне сәйкес, мемлекет басшысы Қазақстаннан «Altyn Barys» алтын және «Kúmis Barys» күміс инвестициялық монеталарын әкетуге тыйым салуды жойды, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктерге ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ұлттық валютасын қолма-қол әкетуге рұқсат берді.
Еске салайық, 2022 жылғы наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлығында Қазақстаннан $10 мың сомасынан асатын қолма-қол шетел валютасы мен алтын құймаларын әкетуге тыйым салған болатын.
Фонд-бюро расследования коррупции