Skip to main content

Құлибаевтар компаниясы Land Cruiser-ді 55 млн теңгеге сатады

Submitted by Вера Александрова on

«Қамқор Менеджмент» ЖШС автокөлігін Toyota Land Cruiser 55 млн теңгеге саудаға шығарды. Айта кетейік, Серіктестіктегі үлестер Тимур мен Динара Құлыбаевтарға тиесілі.





Сипаттамада көрсетілгендей, қара түсті 2021 жылы шығарылған, жүрісі 14 613 км болатын автокөлік Жапонияда өндірілген. Жол талғамайтын көліктің техникалық жағдайы жақсы деп бағалануда. 

Сауда-саттық бағаны көтеру бағытында өтеді. Кепілдік жарна 8 250 000 теңгені құрайды. Аукционға өтінімдер 2024 жылғы 12 сәуірге дейін қабылданады. 

Еске сала кетейік, бұрын хабарланғандай, Іле-Алатау ұлттық паркі негізгі иесі Тимур Құлыбаев болып табылатын «Кипрос» ЖШС компаниясының қонақ үйін бұзуды талап етуде. Парк өкілдері нысан жеке үй ретінде пайдаланылуда деп есептейді.