Қостанай облысының бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Қостанай халықаралық әуежайы» АҚ-на қатысты тергеуді аяқтады. Тексеру кәсіпорын нарықта үстемдік ететін жағдайда авиаотын бағасын негізсіз көтеруге байланысты басталды.
«Қазинформ» ХАА мәліметінше, департамент басшысы Дастан Сәмен өңірлік коммуникациялар қызметінің (ӨКҚ) брифингінде тергеу қорытындысы бойынша компанияға 8,4 млн теңге көлемінде айыппұл салынып, 8,1 млн теңге сомасындағы монополиялық кіріс тәркіленгенін хабарлады. Ерікті төлем мерзімі әлі келген жоқ.
Сондай-ақ әуежайға монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Оны орындау мерзімі әлі келген жоқ.
Ведомство отын құнының өсуі жолаушылар тарифтеріне әсер етпегенін атап өтті: әуебилеттерінің бағасы өзгеріссіз қалды.
Еске сала кетейік, бұған дейін хабарланғандай, Астанадағы «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ авиаотынды өткізу құқығы үшін алымды күрт көтерді деген күдікке ілінген, бұл әуе кемелерін жанармаймен толтыру құнына тікелей әсер етеді.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің қорытынды жобасына сәйкес, өткен жылдың тамыз айынан бастап әуежай алымды (ҚҚС-сыз) бір тонна үшін 16 240 теңгеден 77 852 теңгеге дейін — бес есеге жуық өсірген. Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап алым мөлшері 60 137 теңгені құрады.
Фонд-бюро расследования коррупции