Алматыда әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі ауданаралық соттың судьясы Дастан Слямқұлов ұсталды. Ол бірнеше рет пара алуға күдіктеледі.
CMN.KZ деректері бойынша, судьяның жұмыс орнында және оның үйінде тінту жұмыстары жүргізілуде.
«Қазір Алматы қалалық ҰҚКД қызметкерлері күдіктінің үйінде және жұмыс орнында тінту жүргізіп жатыр. Сондай-ақ сот отырысының хатшысы мен сот әкімшілігінің басшысында да тінту жүргізілуде», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, сыбайлас болды деген күдікпен Алматы полиция департаментінің бес қызметкері өтуде, олардың үшеуі Жетісу ауданының полицейлері. Оларда да тінту жүргізіліп жатқаны хабарланады.
Еске салайық, бұған дейін желіде Алматының Медеу аудандық сотының бұрынғы судьясы Светлана Жолманованың ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Ол бірнеше жәбірленушіге қатысты алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.
Айта кетейік, Жолманованың алаяқтыққа күдікті екені 2021 жылдың сәуірінде белгілі болды. Сол кезде оның қызметтік кабинетіндегі тінту кезінде 10 мың АҚШ доллары тәркіленген еді.
Кейінірек Жоғарғы сот төрағасының өкімімен Светлана Жолманованың өкілеттігі тоқтатылды. 2023 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев оны жұмыстан босатты.
Айта кетейік, екі жыл бұрын журналист Михаил Козачков видео жариялаған, онда болжам бойынша бұрынғы судья Жолманованың бір қызбен параның мәнін талқылағаны көрінеді.
Фонд-бюро расследования коррупции