Skip to main content

Конаев тұрғыны контрабандалық балықты Еуропаға экспорттады

Submitted by Вера Александрова on

Қонаев қаласының Алматы облыстық соты ерекше ірі мөлшерде балық өнімдерін контрабандалау ісі бойынша үкім шығарды. 

Бас көлік прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, компания басшысы 2021 жылдың қазан айынан 2022 жылдың қыркүйек айына дейін браконьерден балық сатып алып, кейін оны Еуроодақ елдеріне экспорттаған.

«Бұл ретте, экспортқа рұқсат беретін құжаттарды алу үшін, көксеркені жасанды өсіру мүмкіндігі жоқ шаруа қожалығының балықтың шығу тегі туралы жалған құжаттары пайдаланылды», - делінген хабарламада.

Заңсыз экспортталған балықтың жалпы құны 210 млн теңгеден астамды құрады. 

Нәтижесінде сот компания директорын кінәлі деп танып, оған 1000 АЕК (3,69 млн теңге) мөлшерінде айыппұл түріндегі жаза тағайындады. Сондай-ақ, ол мемлекет кірісіне сатылған өнімнің кедендік құнын 210 млн теңге сомасында төлеуге міндеттелді.