Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің жекелеген функциялары мен өкілеттіктері берілді. Тиісті жарлыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
Ақорда баспасөз қызметінің мәліметінше, құжат ҚР Конституциясының 44-бабы 1-тармағына сәйкес қабылданды. Ол мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған.
Жарлыққа сәйкес, ҰҚК-ге ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның сыни маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру функциялары беріледі.
Сондай-ақ ҰҚК берілетін функциялар мен өкілеттіктер шеңберінде жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің құқықтары мен міндеттемелерінің құқық мирасқоры болып белгіленді.
Үкіметке ҰҚК-мен бірлесіп белгіленген тәртіпте қажетті заңнамалық түзетулерді әзірлеу, сондай-ақ жарлықты іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдау тапсырылды.
Бұдан басқа, ведомство Президенттің қарауына ҚР ҰҚК туралы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жарлық жобасын ұсынуы тиіс.
Жарлықтың орындалуын бақылау Президент Әкімшілігіне жүктелді. Құжат қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Фонд-бюро расследования коррупции