Skip to main content

Климат өзгеруі мәселелері жөніндегі компанияны ұлттандырды

Submitted by Вера Александрова on

«Climate Action Company Limited» жеке компаниясы Қазақстан Республикасының мемлекеттік меншігіне айналды. Бұл иелерінің бастамасымен жүзеге асты. Айта кетейік, компания климаттың өзгеруі және жасыл энергетика мәселелерімен айналысады.

«ESG Орнықты даму ұлттық одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің «Climate Action Company Limited» жеке компаниясының 100% акциялар пакетін республикалық мемлекеттік меншікке беру туралы ұсынысын қабылдау», - делінген үкімет қаулысында.

Қаулыда көрсетілгендей, қаржыминистрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті жеке компанияның мемлекеттік акциялар пакеттеріне иелік ету және пайдалану құқығын ҚР экология және табиғи ресурстар министрлігіне беруді қамтамасыз етуі тиіс.

«Құжат Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Аралды құтқару халықаралық қорының құрылтайшысы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысу қорытындылары бойынша берілген тапсырмаларды іске асыру аясында Орталық Азия елдерінің климаттық мәселелер жөніндегі жобалық кеңсесін құру жөніндегі шараларды іске асыру үшін әзірленді», - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, компанияның басшысы қазіргі уақытта Нуралин Рамазан, ал құрылтайшысы – «ESG Орнықты даму ұлттық одағы» заңды тұлғалар бірлестігі. Одақты өз кезегінде белгілі бір Адалат Аллахвердиев басқарады.