Skip to main content

БЦК Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінен (ЕБРР) $60 млн несие алды

Submitted by Вера Александрова on

Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) ЦентрКредит Банкіне (ЦКБ) $60 млн (шамамен 28,4 млрд теңге) көлемінде несие берді.

«Kursiv.media» деректері бойынша, ақша «жасыл» несиелеуді дамытуға және шағын бизнесті қолдауға жұмсалады.

«Пакет ЕҚДБ-ның Қазақстанның жасыл экономикасын қаржыландыру тетігі II (GEFF Қазақстан II) шеңберінде $30 млн көлеміндегі несиеден тұрады. Климаттық инвестициялық қорлардың (CIF) қолдауымен GEFF Қазақстан II шағын бизнес пен үй шаруашылықтары үшін «жасыл» технологияларды қолжетімді етуге, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құруға көмектеседі», - делінген хабарламада.

Қалған $30 млн елдегі жеке шағын және орта кәсіпорындарды қолдауға жұмсалатыны атап өтілді. 

Сондай-ақ, несие «Орталық Азияға арналған ЕО инвестициялық қорының гранттық қаражатымен қолдау табатыны» хабарланды.

Белгілі болғандай, Қазақстанда ЕҚДБ бүгінгі күнге дейін 324 жобаға €10,2 млрд (шамамен 5,2 трлн теңге) инвестициялаған. Бұл ақшаның негізгі бөлігі жеке кәсіпкерлікті қолдауға жұмсалған.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық электр желілерін басқару компаниясы «KEGOC» АҚ Азия даму банкінен (АДБ) 58,2 млрд теңге көлемінде қарыз алуға келіскен еді.