БАҚ ресейлік Павел Кублицкий ұсталғаны туралы жазады, оны кредит карталарын ұрлау үшін даркнеттегі форумды басқарды деп айыптайды.
Ulysmedia.kz деректері бойынша, форумның тағы бір әкімшісі Қазақстан азаматы Александр Ходырев болып табылады. Алайда оның ұсталғаны туралы хабарланбайды.
«Форумда барлығы 170 мыңға жуық қолданушы тіркелген. Онда банк шоттарынан ақша ұрлау, кредит карталарының ұрланған деректерін пайдаланып тауар сатып алу және DDoS пен спам шабуылдарын жүргізу жолдары туралы нұсқаулықтар сатып алуға болатын», - делінген хабарламада.
Белгілі болғандай, Кублицкий мен Ходырев 2022 жылдың соңында АҚШ-қа келіп, саяси баспанаға өтініш берген.
«Кублицкий банкте шот ашып, оған 50 мың доллар салған, сондай-ақ Майамидегі Санни Айлс Бич ауданынан, үлкен орыс диаспорасы бар жерден «беделді пәтер» жалдаған. Ал Ходырев қолма-қол 110 мың долларға Chevrolet Corvette спорттық көлігін сатып алған», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Павел Кублицкий Сергей Мавродидің қаржы пирамидасы - «МММ-2011» басшыларының бірі болғаны хабарланады.
Фонд-бюро расследования коррупции