Астана қаржы мониторингі агенттігінің (ҚМА) департаменті Бас көлік прокуратурасымен бірлесіп «ҰК ҚазАвтоЖол» АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы Асқар Мұратыұлын ұстады.

ҚМА баспасөз қызметінің хабарлауынша, лауазымды тұлға мемлекеттік сатып алуды бір көзден заңсыз жүргізу арқылы бюджет қаражатын ұрлауға күдікті.
Сот күдіктіге қатысты «2 ай» мерзімге «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
Еске салайық, бұған дейін Павлодарда «ҚазАвтоЖол» филиалының директоры мен бас маманы пара алу фактісі бойынша сотталған еді.
Фонд-бюро расследования коррупции