Skip to main content

Қазақстандық банктердің мемлекет алдындағы қарыздары

Submitted by Вера Александрова on

Бес қазақстандық банктің балансында мемлекеттік көмек ретінде шамамен 1,5 трлн теңге бар. Бұл сомаға банктердің бюджеттен, Ұлттық қордан, Ұлттық Банктен, Қазақстан тұрақтылық қорынан жеңілдікті шарттармен берілген салымдар, облигациялар, қарыздар бойынша міндеттемелері, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор қаражаты кіреді. 

Forbes.kz деректері бойынша, 2017 жылдан 2020 жылға дейін банк секторының қаржылық тұрақтылығын арттыру бағдарламасы аясында алты ЕДБ (екінші деңгейдегі банктер) субординацияланған облигацияларды сатып алу арқылы мемлекеттік қолдау көрсетті. Осы бағдарлама шеңберінде ҚР Ұлттық Банкі 700,5 млрд теңге бөлді.

Осылайша, ең көп төлемдерді алғандар:

  • «Bank RBK» - 243,7 млрд теңге;
  • «Евразиялық банк» - 150 млрд теңге;
  • «АТФБанк» - 100 млрд теңге;
  • «Цеснабанк» - 100 млрд теңге;
  • «Банк ЦентрКредит» - 60 млрд теңге;
  • «Нурбанк» - 46,8 млрд теңге.

Сонымен қатар, «Цеснабанктің» құқықмираскері болып табылатын «Jusan Bank» «Самрук-Қазына» ҰӘҚ-нан субординацияланған облигацияларды 100 млрд теңгеге мерзімінен бұрын сатып алғаны хабарланды. «Bank RBK» және «Банк ЦентрКредит» тиісінше тек 29,6 млрд және 20 млрд теңге қайтарды.

Басқа банктердің төлемдері туралы хабарланбайды. Дегенмен, уәкілетті органдар банктерді мемлекеттік көмекті мерзімінен бұрын қайтаруға ынталандыру бойынша қосымша шараларды пысықтауды жалғастырып жатқаны атап өтілді.

Еске сала кетейік, қаңтар айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында банктерді негізгі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға белсенді қатысуға шақырды. Сонда мемлекет басшысы банктерге бірнеше жыл бұрын алған мемлекеттік көмегін еске салды. Ол кейбір банктер барлық шығынды өтегенімен, мемлекеттік қаражатты ұстап отырғанын атап өтті.

Президенттің сөзінен кейін «Bank RBK» АҚ иесі Владимир Ким және «Банк ЦентрКредит» АҚ иесі Бахтияр Байсейітов мемлекеттік көмекті ішінара қайтару мүмкіндігін талқылағаны хабарланды.