Қазақстанда формальды техникалық байқау үшін айыппұлды 30 АЕК (110 760 теңге) ден 100 АЕК (369 200 теңге) дейін ұлғайту жоспарлануда.
«Айта кету керек, техникалық байқауды формальды түрде өткізудің (өткізбеудің) салдары техникалық ақаулары бар көлік құралдарының жол жүрісіне жіберілуінен көрінеді, бұл жол-көлік оқиғаларының, оның ішінде өліммен аяқталатын жағдайлардың өсуіне әкеп соғады. Осыған байланысты айыппұлдар мұндай құқық бұзушылықтарға сәйкес болуы тиіс», - деп хабарлады көлік министрлігінің баспасөз қызметі.
Әкімшілік өндіріп алу салынғаннан кейін бір жыл ішінде қайталама құқық бұзушылық жағдайында техникалық байқау операторының қызметіне 3 жылға дейінгі мерзімге рұқсаттан айыру көзделген.
«Сондай-ақ осы заң жобасы аясында техникалық байқауды формальды түрде өткізуіне, оның ішінде операторлардың сапалы техникалық байқау жүргізуге арналған негізгі талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты операторлардың қызметіне қойылатын талаптарды күшейту көзделген. Бұл жағдайда күшейту хабарлама тәртібінен рұқсат беру жүйесіне көшуді көздейді», - делінген хабарламада.
Түзетулердің қабылдануы автомобильдерге міндетті техникалық байқау жүргізу сапасын жақсартуға және техникалық байқаудың жосықсыз операторларының санын кемінде екі есеге азайтуға мүмкіндік береді деп күтілуде.
Бүгінде нарықта бұл қызметті шамамен 960 техникалық байқау операторы көрсететіні атап өтілді.
Фонд-бюро расследования коррупции