Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қарағанды тұрғыны Әлкенов С.-ті соттады.
Антикор баспасөз қызметінің мәліметінше, ол кәсіпкерді жергілікті атқарушы органның лауазымды тұлғаларына пара беруге итермелеген. Сонымен қатар, ол тұрғын үйлер салуға құжаттарды жеделдетіп алуға көмектесемін деген сылтаумен кәсіпкердің 192 млн теңгесін иемденуге кінәлі деп танылды.
Әлкеновке 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салынды.
Сот оның жалпы құны шамамен 150 млн теңге болатын үй мен көлік түріндегі мүлкін тәркіледі, сондай-ақ мемлекет кірісіне 192 млн теңге көлеміндегі пара сомасын өндірді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Антикор Маңғыстау облысы Ақтау қалалық сотының төрағасына және жеке сот орындаушысына қатысты тергеуді аяқтаған болатын. Олар үкім шығару кезінде жазаны жеңілдету үшін 20 млн теңге көлемінде пара беруге сотталушыны алаяқтық жасауға және итермелеуге кінәлі деп айыпталуда.
Айтпақшы, Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі Ақтау қалалық сотының төрағасының ұсталғаны туралы мағлұмат маусым айында белгілі болды. Сол кезде БАҚ Бауыржан Шайдуллин туралы сөз болып жатқанын болжаған болатын.
Фонд-бюро расследования коррупции