Skip to main content

Қарағанды облысы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің басшысы сыбайлас жемқорлыққа күдіктелуде

Submitted by Вера Александрова on

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қарағанды облысы департаменттерінің бірінің басшысына және оның бағыныштысына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы хабарлады.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, олар орындалған жұмыстар актісіне қол қойғаны үшін 1 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген.

Сонымен қатар, басшы мен оның бағыныштысы жалған жұмысқа орналастырылған қызметкерлердің шоттарына жалақы, сыйлықақы және іссапар шығыстарын 2,5 млн теңге сомасында негізсіз аудару арқылы бір топ адам болып бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталуда.

Өз кезегінде ҚР Қаржылық бақылау комитетінің дереккөздері Қарағанды облысы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті департаментінің басшысы туралы сөз болып отырғанын хабарлайды.

Комитеттің сайтында департамент басшысы Дастан Хамзин екені көрсетілген. Бұл лауазымды ол былтырғы ақпан айында иеленді. Бұған дейін ол Ұлытау облысы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментін басқарған.