Бас прокуратура бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың ұсталғанын хабарлады. Бұл қаңтар оқиғаларына байланысты екені айтылады.
«29 сәуірде биылғы жылы билікті және лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланып, ауыр зардаптарға әкеп соққаны үшін (ҚР ҚК 362-бабы 4-бөлігі) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабы тәртібімен бұрынғы ішкі істер министрі Тұрғымбаев Е.З. ұсталды» — деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, қылмыстық істе мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтер бар екені белгілі болды, сондықтан тергеудің басқа деректері жарияланбайды.
Еске салайық, наурыз айында Бас прокуратураның баспасөз қызметі Тұрғымбаевтың қаңтар оқиғалары бойынша іс бойынша жауап алынғанын хабарлаған еді. Сонда қадағалау органының Алматы облысы Қарасай ауданы Қошмамбет ауылында орналасқан арнайы қабылдау мекемесінде ұсталған азаматтарға қатысты азаптау қолданылғаны туралы іс бойынша дәлелдемелері бар екені айтылған.
Фонд-бюро расследования коррупции