Желіде Антикор қызметкерлерінің Ұлытау облысы бойынша экология департаментінің басшысы Дастан Тлеубековты ұстағаны туралы ақпарат таралуда.
ORDA деректері бойынша, ол «Bass Gold» ЖШС өкілінен экологиялық рұқсат беру үшін 2,5 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген.
Қазір Тлеубеков Жезқазған полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторында отырғаны хабарланады.
Белгілі болғандай, «Bass Gold» ЖШС 2006 жылы тіркелген. Компанияның жылдық салық төлемдері орта есеппен 330 млн теңгеден асады.
Еске салайық, 2024 жылғы шілдеде Антикор қызметкерлері ШҚО экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Мамай Бұтабаевты 10 млн теңге көлемінде пара алу кезінде ұстаған болатын.
Желтоқсан айында Өскеменде сыбайлас жемқорлық үшін ШҚО бойынша экология департаментінің басшысы Данияр Әлиев сотталды.
Фонд-бюро расследования коррупции