«Air Astana» әуекомпаниясының ұшқыштарының бірінен есірткілік мас күйі анықталды. Оның 23 сәуірде Алматы әуежайында жолаушы ретінде ұшу кезінде ұсталғаны хабарланады.
Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта құқық қорғау органдары осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
«Air Astana қызметкерлердің алкоголь немесе есірткі қолдануына нөлдік төзімділік танытады, себебі ұшу қауіпсіздігі біздің басымдығымыз болып табылады. Әуекомпанияда экипаждардың қанында алкоголь немесе есірткі заттарының бар-жоғына үнемі тестілеу жүргізіледі», - делінген хабарламада.
Нәтижесінде әуе тасымалдаушы ұшқышты дереу жұмыстан шығарды. Сонымен қатар БАҚ көлік полициясы департаментіне сілтеме жасап, әуекомпания ұшқышына қылмыстық іс қозғалғанын хабарлайды.
«Қазіргі уақытта осы факті бойынша көлік полициясы департаменті қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеу нәтижелері бойынша шешім қабылданады», - делінген хабарламада.
Фонд-бюро расследования коррупции