Алматыда су құбыры және кәріз жүйесінің құнын негізсіз көтерген мердігер қосымша жұмыстарды өз есебінен 900 млн теңгеге орындайды.
Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы энергетика және сумен жабдықтау басқармасы 9,1 млрд теңге тұратын жобаны жүзеге асыруда. Бұл қаражат жобалау-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) қалыптастыру кезінде «Қазақ Сантехпроект» ЖШС жобалаушысымен енгізілген.
«Мониторинг нәтижесінде тасымалданатын топырақ қашықтығы жобада көзделгеннен 30 км жақын екені анықталды. Сонымен қатар, қолданылатын құрылыс материалының көлемі 1,5 мың тоннаға асыра бағаланған», — делінген хабарламада.
Сонымен қатар, ведомство нысанның дайындығы небәрі 93% екенін, ал 9,1 млрд теңгенің 8,4 млрды игерілгенін анықтады.
Осыған байланысты Алматы әкімдігі бас мердігер «Сапа Құрылыс 2007» ЖШС-не жобада көзделмеген орындалатын жұмыстардың көлемін 900 млн теңгеге ұлғайтты.
Фонд-бюро расследования коррупции