Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Сәрсенбаевты әділет министрі қызметіне тағайындады. 2023 жылғы қаңтардан бүгінге дейін ведомствоны Азамат Есқараев басқарды.
Белгілі болғандай, Сәрсенбаев 2011-2016 жылдары ҚР ұлттық қауіпсіздік органдарында жұмыс істеп, ҚР ҰҚК заң департаменті бастығының орынбасары және бастығы лауазымдарын атқарған.
2016-2022 жылдары ол Парламент Сенатының аппаратында басшылық лауазымдарда: аппараттың әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетімен өзара іс-қимыл жөніндегі бөлім меңгерушісі, аппарат басшысының орынбасары, аппараттың халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетімен өзара іс-қимыл жөніндегі бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеген.
2023 жылғы қаңтардан министр болып тағайындалғанға дейін Ерлан Сәрсенбаев Конституциялық соттың судьясы болды.
Фонд-бюро расследования коррупции