Skip to main content

Дархан Сатыбалды Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды

Submitted by Вера Александрова on

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Дархан Сатыбалдыны Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары етіп тағайындады.

«Сатыбалды Дархан Амангелдіұлы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалсын, ол бұрын атқарған лауазымынан босатылсын», — делінген Президент жарлығында.

Бұған дейін Дархан Сатыбалды 2022 жылдан бастап Түркістан облысының әкімі қызметін атқарған. Алдыңғы жылдары ол Шымкент қаласының әкімі және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып жұмыс істеген.

Айта кетейік, Дархан Сатыбалды Қайрат Сатыбалдыға туыс емес, тек тегі бір адам.