Skip to main content

ENRC Лондон Жоғарғы сотында 10 жылдық процесті жеңіп алды

Submitted by Вера Александрова on

Англияның Жоғарғы соты Eurasian Natural Resources Corporation (ENRC)-ға қатысты қылмыстық тергеуді заңсыз деп таныды. 10 жылдық іс жүргізу британдық экономикалық құқық бұзушылықтармен күрес қызметі The Serious Fraud Office (SFO) мен танымал заң фирмасы «Dechert LLP»-тің негізсіз әрекеттерінің нәтижесі болды. 

10 жылдан астам уақыт бұрын ENRC Соколов-Сарбай кен-байыту өндірістік бірлестігі (ССКӨБ)-нің жемқорлық айла-шарғыларына байланысты ішкі тергеуді бастады. Осы мақсат үшін ENRC «Dechert» заң фирмасын жалдады

Біраз уақыттан кейін атақты «The Times» журналында ENRC-нің ішкі тергеуі туралы құпия ақпарат қамтылған мақала жарияланды. Бұл жарияланым компанияның барлық басшылығын ғана емес, сонымен қатар британдық экономикалық құқық бұзушылықтармен күрес қызметі SFO-ны да алаңдатты. 

Іс материалдарына сәйкес, SFO басшысы мырза Маккарти ENRC дирекциясына ішкі тергеуге көмектесу ұсынысымен, дәлірек айтқанда, компания кәсіпорындарындағы басқару бағдарламалары мен құқықтық нормаларды сақтау мәселелерін талқылау үшін хабарласты. Сонымен қатар, мырза Маккарти SFO-ның ENRC-тің өзіне қатысты тергеу жүргізу ниеті жоқ екеніне сендірді. 

ENRC мен SFO арасындағы барлық келіссөздер «Dechert» заң компаниясының серіктесі Нил Геррард арқылы жүргізілді. 

Сонымен қатар, ақпараттың таратылуы тоқтамады. Бірнеше абыройсыз мақалалар – және міне SFO ресми түрде ENRC-ге қатысты қылмыстық тергеу жүргізілетінін мәлімдейді. 

2013 жылғы наурызда мырза Геррард ENRC-ге қазақстандық кәсіпорындардан табылған делінген бұзушылықтар туралы өз есебін ұсынды. Біраз уақыттан кейін БАҚ-та ұқсас ақпарат пайда болды, ал сол жылдың сәуірінде SFO өз тексерісінің басталғанын жариялады. 

2023 жылғы тамызда SFO тергеуді ресми түрде аяқтады, бірақ ENRC тарапынан ешқандай бұзушылық фактілерін анықтамады. 

Англияның Жоғарғы соты басталған іс жүргізу Нил Геррард пен SFO басшылығы арасындағы сөз байласу нәтижесінде болды деп шешті. Мырза Геррард өз клиентіне қарсы SFO-мен жай ғана ынтымақтасып қоймай, сонымен қатар ішкі тексеру нәтижелері туралы әдейі жалған ақпарат берген, бұл SFO тарапынан тергеу жүргізуге негіз болды. 

Сонымен қатар, ENRC өкілдері ақпарат ағысы да мырза Геррардтың ісі екенін және компания қызметі туралы жағымсыз қоғамдық пікір қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылғанын мәлімдейді.

ENRC үшін қаржылық салдардың нақты мөлшері әлі анықталмаған. Дегенмен, 10 жылдық тергеу және көптеген қарсы азаматтық талаптар компания үшін ізсіз өткен жоқ. 

2013 жылғы қараша мен желтоқсанда ENRC-тің LSE және KASE биржаларынан делистингі жүзеге асырылды. Ол кезде ENRC-тің нарықтық капитализациясы 3 млрд фунт стерлингті құрады, бұл мұндай ірі компания үшін өте аз. 

Сол кезде ENRC Eurasian Resources Group (ERG) құрамына кірді. Компания әлемнің 16 елінде, оның ішінде Қазақстанда табиғи ресурстарды өндіру және қайта өңдеу саласында қызмет жүргізеді.


Алдағы бес жылда ERG Қазақстанға $6,5 млрд-тан астам инвестиция салуды жоспарлап отыр. Инвестициялардың едәуір бөлігі «Қазхром» ТНК АҚ-на салынады, мұнда 2025 жылға қарай өндіріс көлемін 2,1 млн тоннаға арттыру жоспарлануда.