Skip to main content

«ӨзенМұнайГаз» және «АНСК» директорлары 130 млн жымқырғаны үшін 8 жылдан алды

Submitted by Вера Александрова on

Ақтау соты «Ақтау мұнай сервистік компаниясы» («АНСК») ЖШС директоры және «ӨзенМұнайГаз» (ОМГ) АҚ № 3 мұнай-газ өндіру басқармасының директорына қатысты қылмыстық істі қарады. Олар бөтен мүлікті ерекше ірі мөлшерде иемдену және ысырап етуде айыпталды. 

Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, 2018 жылы екі компания ұңғымаға арналған жабдықтарды жалға беру қызметін көрсету бойынша өзара келісім жасасқан. Алайда «АНСК» басшысы келісім шарттарын бұзып, жабдықты сатып алмаған

Оның орнына - ұрлау және айыппұлдардан құтылу мақсатында - ол тапсырыс берушінің жабдығын пайдаланып, осылайша жалға алу ақысын негізсіз алып тұрған. «АНСК» директоры «ОМГ» басшысынан келісім алған. 

Нәтижесінде мемлекетке 130 108 118 теңге көлемінде залал келтірілген. Сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, «АНСК» директоры ақшаны өз қалауы бойынша жұмсаған. 

Сонымен қатар «ОМГ» директоры «АНСК» ЖШС өз кәсіпорнына тиесілі жабдықты пайдаланғанын алдын ала білген. Ол әдейілеп жалдау сомасын келісімшарттан шығармай, орындалған жұмыстар актілеріне толық құны бойынша қол қойған. 

Қорытындылай келе, сот екі директорды да кінәлі деп танып, оларға мұнай және газ өнеркәсібі саласындағы коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқаруға 10 жылға тыйым сала отырып, 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.