Skip to main content

Экология департаменті басшысының орынбасары $30 мың көлеміндегі пара үшін сотталды

Submitted by Вера Александрова on

Өскеменде ШҚО экология департаменті басшысының орынбасары Рауан Тураровқа үкім шығарылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ол жергілікті кәсіпкерден пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. $30 мың мөлшеріндегі пара экологиялық рұқсатсыз алтын өндіру зауытын салу фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін берілген. 

Сот Тураровқа 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салды.

Еске сала кетейік, 2024 жылғы шілдеде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері ШҚО экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Мамай Бутабаевты 10 млн теңге көлемінде пара алу кезінде ұстаған болатын.

Желтоқсан айында Өскеменде сыбайлас жемқорлық үшін ШҚО бойынша экология департаментінің басшысы Данияр Әлиев сотталды.