Skip to main content

Экібастуз прокуратурасы 160 млн теңгеге сатып алу кезіндегі бұзушылықтың жолын кесті

Submitted by Вера Александрова on

Екібастұз прокуратурасы 160 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражатын негізсіз пайдаланудың жолын кесті.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекеттік сатып алулар мониторингі барысында қадағалау органы қала әкімдігі 160 млн теңге тұратын өнеркәсіптік базаны сатып алу лотын орналастырғанын анықтады. Алайда бекітілген бюджетте бұл мақсаттарға небәрі 150 млн теңге қарастырылған еді.

Прокурорлық ықпал ету актісін қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгерістер енгізіліп, сатып алу жойылды.

Жауапты лауазымды тұлғалар «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңның нормаларын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Көкшетауда 78 млн теңге сомасындағы мемлекеттік қаражаттың заңсыз жұмсалуының алды алынған болатын. Жергілікті мектеп бюджет қаражаты есебінен шатырды жөндеуді жоспарлаған еді.