Денсаулық сақтау министрлігінің және оған қарасты ұйымдардың бірқатар лауазымды тұлғалары Жоғары аудит палатасы (ЖАП) жүргізген мемлекеттік аудиттен кейін тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
ЖАП баспасөз қызметінің мәліметінше, азаматтар мен ауруханаларды дәрі-дәрмекпен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуде анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерге байланысты шаралар қабылданды. Тексеру нәтижесінде ведомство басшылардың жеке жауапкершілігін қарауды тапсырды.
Тәртіптік жаза алғандар:
- дәрілік саясат департаментінің директоры;
- фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту департаментінің директоры;
- ғылым және адами ресурстар департаменті директорының орынбасары;
- «Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығының» директоры;
- «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының» бас директорының орынбасары;
- «Салидат Қайырбекова атындағы ұлттық денсаулық сақтауды дамыту ғылыми орталығының» басқарма төрағасының орынбасары.
Сонымен қатар ЖАП ұсынымы бойынша 3 шілдедегі бұйрықпен «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.
Еске салайық, шілдеде құқық қорғау органдары «СК-Фармация» ЖШС және фармацевтика саласы субъектілеріндегі ұрлықтар бойынша қылмыстық тергеуді бастады. Іс Мәжіліс депутаттары Бақытжан Базарбек пен Мұрат Әбеновтің ЖАП анықтаған бұзушылықтар фактілері бойынша Бас прокуратураға жүгінуінен кейін қозғалды.
Фонд-бюро расследования коррупции