Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БҚДА) дәрі-дәрмектің көтерме сауда нарығындағы бағаның өсу себептерін анықтады.
Ведомствоның мәліметінше, қымбаттау денсаулық сақтау министрлігінің нормативтік актілерінің жетілмегендігімен және ведомстволық ұйымдардың жұмысындағы кемшіліктермен байланысты.
«Мәселен, шекті бағаларды қалыптастырудың қолданыстағы әдістемесі қайта өндірілген дәрі-дәрмектерге бағаны жасанды түрде көтеруге мүмкіндік береді. Ал халықаралық тәжірибеде мұндай препараттар 30 және одан да көп пайызға арзан тұрады», - делінген хабарламада.
БҚДА «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» РМК жұмысында елеулі кемшіліктерді анықтады. Кәсіпорын көршілес елдердегі препараттардың бағасын тек өтініш берушілердің деректеріне сүйене отырып, үстірт салыстыратыны хабарланды.
Сонымен қатар, ведомство дәрі-дәрмек жеткізілімінің ашық еместігі және «СК-Фармация» ЖШС-нің өндірушілерден тікелей сатып алуға төмен бағытталғандығы бюджеттің асыра жұмсалуына әкелетінін атап өтті.
«Сонымен қатар, «СК-Фармация» ЖШС-нің бағалық бәсекелестіктің болуына мүдделі болмау қаупі бар, себебі оның пайдасы сатып алынатын дәрі-дәрмек құнының 5%-дан 7%-ға дейінгі үстемеақысы есебінен қалыптасады. Бұдан препараттың құны неғұрлым жоғары болса, Бірыңғай дистрибьютор соғұрлым көп пайда алатыны шығады», - делінген хабарламада.
Хабарланғандай, Агенттік денсаулық сақтау министрлігіне дәрі-дәрмектің негізсіз қымбаттауына жол бермеу бойынша шаралар қабылдау қажеттігі туралы ұсынымдар берді.
Өз кезегінде «СК-Фармация» ЖШС баспасөз қызметі БҚДА мәлімдемесіне түсініктеме берді. Компания фармацевтикалық бұйымдарды уақтылы сатып алу үшін серіктестік отандық және шетелдік өндірушілерден сатып алу тәртібін өзгерту бойынша ұсыныстар енгізгенін хабарлады.
Белгілі болғандай, денсаулық сақтау министрлігі «СК-Фармация» енгізген ұсыныстарды ескере отырып, бұрынғы нормаларды қайта қарап, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуды ұйымдастыру және жүргізудің жаңа қағидаларын бекітті.
«Енді өтінімдер болмаған немесе әлеуетті жеткізушіден бір өтінім берілген жағдайда сатып алу өтпеді деп танылады. Осыдан кейін дәрілік заттардың немесе медициналық бұйымдардың өндірушілеріне тікелей шақырулар жіберіледі», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, сатып алу «Электрондық қаржы орталығы» АҚ порталы арқылы электронды түрде жүргізілетіні, бұл жеткізушіні таңдау кезінде адам факторын болдырмауға тиіс екені атап өтілді.
«СК-Фармация» БҰҰ-ның халықаралық ұйымдары (БҰҰДБ, ЮНИСЕФ, СТОП ТБ) арқылы сатып алуды жүзеге асырады, соның арқасында препараттар төмендетілген бағамен сатып алынады (шоғырландырылған халықаралық көлемді сатып алу есебінен), бұл пациенттерді қамтуды арттыруға мүмкіндік береді», - деп қорытындылады компанияның баспасөз қызметі.
Фонд-бюро расследования коррупции