Нурали Әлиевтің туысы Руслан Адайбеков «КазМұнайГаз» ҰК АҚ (КМГ)-ға сотқа талап арыз берді. Оның айтуынша, ұлттық компания оның жер телімінде заңсыз сорғы станциясын салып, 0,52 га аумақты өз бетінше иемденген.
«Nege.Aqsha» жазғандай, сотта КМГ қорғаушылары сорғы станциясы барлық қажетті рұқсат құжаттарын алғаннан кейін жұмыс істей бастағанын дәлелдеді.
Заңгерлердің мәлімдеуінше, станция тхэквондо, каратэ, көркем гимнастика, велоспорт, грек-рим және еркін күрес бойынша ұлттық құрамалар жаттығатын «Ақ Бұлақ» курортын сумен қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, олар сумен жабдықтау өшірілген жағдайда курорт өз қызметін тоқтатып, 100-ден астам адам жұмыссыз қалады деп есептейді. Соның нәтижесінде ақпан айының соңында Алматы облысы Талғар аудандық соты ұлттық компанияның пайдасына шешім шығарды.
Айта кету керек, Руслан Адайбеков Нурали Әлиевтің қайын анасы - Ләйла Адайбекованың ағасы. Оның ұлы - Елнар Адайбеков бұрын акционерлерінің бірі Әлиев болып табылатын «Транстелеком» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған.
Фонд-бюро расследования коррупции