Skip to main content

Бұрынғы судья Таткееваны Қарағанды облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі іздестіруде

Submitted by Вера Александрова on

Қарағанды облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Департаменті мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының бұрынғы судьясы Қарлығаш Тәткееваны іздестіруде.

Құқықтық статистика органдары порталының сайтында іздестіру бастамашысы сот болып табылатыны көрсетілген. Тәткееваға қатысты айыптау бабы хабарланбайды. 

Kursiv.media деректері бойынша, бұрын Қарлығаш Тәткеева Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында және Астана қаласының сотында судья болып жұмыс істеген. Сондай-ақ ол Жоғарғы Сот төрағасының кеңесшісі қызметін атқарған. 

Еске сала кетейік, сәуір айында Ақтауда қалалық соттың бұрынғы төрағасы Бауыржан Шайдуллинге және жеке сот орындаушысы Ринат Жанахметовке қатысты үкім шығарылды. 

Олар алаяқтық және сотталушыны 20 млн теңге көлемінде пара беруге итермелеу фактісі бойынша кінәлі деп танылды. Пара жазаны жеңілдету үшін берілген. Белгілі болғандай, сот орындаушысы ақша аудару кезінде делдал ретінде әрекет еткен.