Сәтбаев қаласының бұрынғы әкімі Шапағат Әубәкір, парақорлығы үшін 3,5 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілген, үкімге шағымданбақ болды.
Ұлытау облыстық сотының мәліметінше, оның шағымын апелляциялық алқа қараған.
«Облыстық соттың апелляциялық сот алқасының қаулысымен үкім өзгеріссіз қалдырылды, сотталғанның, оның қорғаушы-адвокатының апелляциялық шағымдары және прокурордың апелляциялық өтініші қанағаттандырылмады», – делінген хабарламада.
2024 жылғы ақпанда сотталған қала әкімі бола тұра, Сәтбаев жолдарын күтіп ұстау жұмыстарын жүргізетін кәсіпкерден 10 млн теңге көлемінде пара алғаны хабарланды. Пара мемлекеттік сатып алу шартының сомасын ұлғайтуға жәрдемдесу үшін берілген.
Нәтижесінде Шапағат Әубәкірге сот 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру және мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыру жазасын тағайындады. Кәсіпкерге пара сомасының 20 еселік мөлшерінде, яғни 200 млн теңге айыппұл салынды.
Айта кетейік, бұған дейін хабарланғандай, экс-әкім ұсталғаннан кейін Сәтбаев тұрғындары Шапағат Әубәкірді қорғау үшін петиция жасауды ұсынған болатын. Сонымен қатар, кейбір сәтбаевтықтар оның адвокаты үшін ақша жинаған.
Фонд-бюро расследования коррупции