Солтүстік Қазақстан облысының бұрынғы әкімі, экс-сенатор Самат Ескендіровке алаяқтық үшін үкім шығарылды.
Informburo.kz мәліметінше, Ескендіров серіктесімен бірге ЖШС қатысушыларының келісімінсіз жалған жиналыс хаттамаларын жасап, несие алу үшін Бурабай ауданы тұрғындарының жер учаскелерін кепілге берген.
«Осының салдарынан олар ауыл тұрғындарының шартты жер үлестеріне құқығын иемденіп, зардап шеккендерге аса ірі көлемде материалдық залал келтірді», - деп хабарлады сотта.
Өткен жылы ЖШС құрылтайшыларының жиналыс шешімі мен құқықтарды үшінші тұлғаларға беру туралы келісім жарамсыз деп танылды. Жер сот тәртібімен зардап шеккендерге қайтарылды, осыған байланысты ауыл тұрғындарына материалдық залалды өтеу үшін негіздер болмады.
Сот Ескендіровті кінәлі деп танып, оған 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Айта кетейік, Ескендіров Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болып 2013 жылғы қаңтарда тағайындалған болатын. Бір жыл өткен соң ол отставкаға кетті. Сонда себептер құрылыс басқармасының басшысы мен бір аудан әкімінің орынбасарына қатысты қылмыстық істер болғаны белгілі болды.
Оған дейін Ескендіров Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл және Қызылжар аудандарының әкімі болып жұмыс істеген. 2011 жылғы тамызда ол Нұр Отан партиясының тізімі бойынша Солтүстік Қазақстан облысынан Парламент Сенатының депутаты болып сайланды. Ол сенатор қызметін 2013 жылғы қаңтарға дейін атқарды.
Еске сала кетейік, шілдеде Ескендіровтің ісі бойынша сот отырыстарының бірінде зардап шеккендердің адвокаты Манарбек Әбжанов шағымданған болатын. Сонымен қатар, ол ауыл тұрғындарына белгісіз адамдардың қауіп төндіретінін айтты. Ол тіпті зардап шеккендер үшін қауіпсіздік шараларын қабылдау туралы өтінішхат берген.
Мемлекеттік айыптаушы да бұл өтінішті қолдады. Сотта айыпталушының туыстары келіп, қоңырау шалып, Ескендіровке қатысты айыптаулардан бас тартуды өтінгені анықталды.
Фонд-бюро расследования коррупции