Skip to main content

БРК 300 млрд теңге бөлуді жоспарлап отыр

Submitted by Вера Александрова on

Қазақстанның Даму Банкі (ҚДБ) 2024-2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының (ТҮКШ) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы жобаларын қаржыландыру бағдарламасын іске қосуды жоспарлап отыр. 

ҚДБ баспасөз қызметінің мәліметінше, ТҮКШ және коммуналдық инфрақұрылым нысандарын жаңғырту, елдің тұрғын үй қорын жаңарту жоспарлануда. 

Белгілі болғандай, бастапқы кезеңдегі қаржыландырудың жалпы көлемі 300 млрд теңгені құрайды, бұл ретте қаражат көзі бюджеттік қаражат пен нарықтық қаржыландыру болады.

«Жеңілдікті қаржыландыру бағдарламасының операторы ҚДБ болады. Жергілікті атқарушы органдар жеңілдікті шарттармен табиғи монополиялар субъектілерін кейіннен қаржыландыру үшін облигациялық қарыз құралын пайдаланады деп жоспарлануда. Осылайша, табиғи монополия субъектілері электр және жылумен жабдықтау желілерін салу және жаңғырту бойынша инвестициялық жобаларды іске асыра алады», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ҚДБ жобалар өз талаптарына сәйкес келген кезде табиғи монополия субъектілеріне тікелей ұзақ мерзімді жеңілдікті қаржыландыруды ұсынуды жоспарлап отыр. Бұл ретте әрбір қарыздың мерзімі 14 жылға дейін болады. 

Еске сала кетейік, өткен жылы ұлттық экономика министрі болған Әлібек Қуантыров бүкіл ел бойынша ТҮКШ инфрақұрылымын жаңарту қажеттігін атап өткен болатын. Бұған «Инвестициялар үшін тариф» бағдарламасы ықпал етуі керек еді, оған сәйкес 2023-2029 жылдарға 62 мың км инженерлік желілерді жаңғырту үшін шамамен 3 трлн теңге инвестиция тарту жоспарланған. 

Бұған дейін біз «Қазақстанның Инвестициялық қоры» АҚ (ИҚ) және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ), «РОП Операторы» ЖШС және бірқатар мемлекеттік органдардың әрекеттері «Kazakhstan Rubber Recycling» ЖШС шиналарды кәдеге жарату және қайта өңдеу зауытының банкротқа ұшырауына қалай әкелгені туралы жазған болатынбыз. Кейіннен ФБРК негізін қалаушы Кирилл Павлов зауытқа, дәлірек айтсақ, одан қалған нәрсеге барған

Сондай-ақ, біз ИҚ-ға қарасты банкрот болған кәсіпорындардың бұрынғы иелері Президентке инвестициялық активтерді қайтаруға көмектесу туралы өтінішпен хат жолдағаны туралы жазған болатынбыз. 

Сонымен қатар, бізге ИҚ және ҚДБ «Семей тері-жүн комбинатына» (СТЖК) өмір сүруге мүмкіндік қалдырмағаны белгілі болды. Орта Азиядағы ең ірі және Қазақстандағы бірегей кәсіпорын деп танылған комбинат «Бәйтерек» ҰБХ еншілес ұйымдары жасаған жағдайларға байланысты банкротқа ұшырады.